28.06.2017, 15:46
Қараулар: 650
Жыр жинақ жарық көрді

Жыр жинақ жарық көрді

 

 

Газеттің мерекелік саны дайындалып жатқанда Бисен ауылдық округіне қарасты  Көктерек елді мекенінің тұрғыны Қадырбай  Айтасов  журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтай келіп, жуырда өзінің де «Нарыным деп толғанам» атты жыр жинағы шыққандығын, соның бір данасын біздің ұжымға табыстағалы келгендігін жеткізді.

Сайын дала төсінде ат үстінде жүріп, жүйрік  те баптаған, домбыраның шанағынан тамылжыта күй төгілткен  азаматтың  ара-тұра алыстағыны шалатын қырағы көңілінен өрілген өлеңдері осылайша, бөкейлік оқырмандарға жол тартыпты.  Оралдық ақын Дариға Мұштанова мен өз жерлесі, облыс ақыны Кенжеғали Балабасовтар алғыс сөз жазған  бұл туындыға «Әйел деген бақытың», «Нарын қасіреті», «Әкені жоқтау» сынды біраз жырлары топтастырылыпты. Жанұялық суреттер де әдемі көрініс тауыпты.

Біз өмірінің өрнекті сәттерін өлеңмен өріген Қадақаңды «Бәрекелді, жазарыңыз көбейсін!»-деп шығарып салдық.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар