28.06.2017, 14:52
Қараулар: 405
Жарысты желаяқтар ашты

Жарысты желаяқтар ашты

 

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық мәдениет үйінде спорт түрлерінен мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында жарыс өтті.

 

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов аталмыш мейраммен құттықтап, сайысқа түскелі тұрған жерлестерге сәттілік тіледі. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Абай Алдабергенов бүгінгі күн тәртіп сақшыларының да төл мерекелері екеніне тоқталып, барша әріптестеріне өзінің ақжарма тілегін жеткізді. Одан әрі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мейрамбек Ғиылманов өткізілетін ойын түрлерімен таныстырды.

Жарыс шымылдығын желаяқтар ашты. Ерлер арасында 100 метрге жүгіруде А.Азаматов, М.Бисембаев, Ж.Кенжеғалиев, 2000 метрлік қашықтықта Б.Ғайтпаев, Қ.Сұлтанияров, Ж.Кенжеғалиевтер  тиісінше І, ІІ, ІІІ орындарды еншілесе, қыздар арасында 60 метрге жүгіруден Д.Еділбаева, Қ.Тәжкенова, Ә.Ибрашева І, ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті. Ал, Д.Ғабдуллина мен Ә.Ибрашева 1000 метрге жүгіріп, алғашқысы мәре сызығын бірінші қиды. Бұдан кейінгі гір тасын көтеру, қол күресі, шахмат, теннис және шағын футбол сынды салауаттылықты көздейтін спорттық ойындар да өз тартысымен ерекшеленіп, жеңімпаздар марапатталды.

Әділет ӘЗІЛХАНҰЛЫ.

Жағымды жаңалық

Басқа да мақалалар