«Тәжірибедегі рефлексия»

Қоғам дамыған сайын әр саланың өзіндік жаңарулары мен жаңғырулары болады. Осыған орай, қазіргі таңда ұстаздарға қойылар талап күшеюде. Жан-жақты оқытудың жүйелі жүргізіліп жатқандығының бір дәлелі ретінде 100 академиялық сағат негізінде «Тәжірибедегі рефлексия» курсы оқытылды.

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деген М.Гандидың қанатты сөзін серік етіп, мен де мектеп тренері Қалампыр Құнанова өткізген аталмыш курстың тыңдаушысы болғанмын. Бағдарламаның идеясы – мұғалімдердің сапалық деңгейін көтеруге бағытталған. Онда біз әр сабақты жаңа бағытта талқылап, ерекшеліктерін саралап, пікір алмастық.

Ұлағатты ұстаз болу үшін заманауи әдіс-тәсілдерден тыс қалмауымыз шарт. Осы тәжірибеміздің нәтижесінде өзімізді ұдайы жетілдіріп отыру қажеттігін ұғындық.

Бұлбұл ҚҰБАЕВА,

Қ.Сағырбаев атындағы

мектеп-балабақша мұғалімі.