Кемешілер жетістігі

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында оздырылған кеме үлгілерінен облыстық жарысына қатысқан аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығы оқушыларының мерейлері өсіп қайтты.

Тарқатып айтар болсақ,  Дастан Сатуов спорттық жарыстың «ДХ-01», «ДХ-02» кеме үлгілері бойынша, Азамат Насыров «Ф2-Ю» радиобасқару класында жеңімпаз тұғырынан көрінсе, «Ф2-А», «Ф2-Б» радиобасқаруда да өнер көрсеткен Азамат ІІІ орынға ие болды, Әділет Шүкірғалиев (барлығының жетекшісі Н.Мұстафин) «FSR-ECO-MONO-STANDART»-та ІІІ, «Ғ-4-В», «Ғ-4-С»-та жәңгірлік Талант Уәлиев (жетекшісі Т.Ғайсин) ІІ жүлдеге қол жеткізді.

Сонымен қатар оқушыларымыз облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен өткен кеме үлгілерін жасау спорты бойынша ересектер арасындағы Батыс Қазақстан облысының чемпионатында бақтарын  сынады. «С-5» класында Талант Уәлиевтің, «Ф2-13»-те Дастан Сатуовтың  асықтары алшысынан түссе, Әділет Шүкірғалиев «Ф2-С»-да ІІ, «Ф2-А»-да ІІІ орындарға ие болды. Ал, Азамат Насыров «Ф4-А»-да ІІ орынды иемденді.

Жеңімпаздар облыстық білім мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларының дипломдарымен, медальдарымен марапатталды.

 

Мереке МАХИМОВ,

аудандық балалар техникалық

шығармашылығы орталығының директоры.