Сенат депутаттығына кандидат бөкейліктермен жүздесті

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Парламенті Сенат депутаттығына кандидат Нариман Төреғалиев аудан жұртшылығымен және аудандық мәслихат депутаттарымен жүздесті.

Үміткердің аудандағы сенімді уәкілі Серік Таңатов Нариман Төреғалиұлының өмірбаянымен, сайлауалды бағдарламасымен таныстырса, өз кезегінде ол ауыл тынысымен жіті таныс екендігін тілге тиек етіп, алға қойған мақсаттардың бірі – шекаралық аймақ тұрғындарының жалақысына қосымша қаражат қаралуына жетісу әрі жол мәселесінің шешімін табуына атсалысу екендігін жеткізді. Кездесу барысында сөйлеген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков те, ауданның құрметті азаматшасы Гүлжан Бисекенова да үміткердің бағдарламасы ауылды өркендетуге бағытталғанын айтты.

Кездесуді аудандық мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов ашып жүргізіп отырды.

Раушан БАҚЫТОВА.