Үздіктер марапатталды

Кеше аудан басшысы Нұрлан Рахымжанов мәдениет және өнер қызметкерлерін қабылдады.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында оздырылған бұл шара негізінен аталмыш саланың төл мерекесіне жоспарланғандығын, түрлі себептермен кешігіңкіреп қалғандығын сөз еткен Нұрлан Сағынтайұлы өз ісінің үздігі деп танылғандарға ризашылығын білдіріп, Алғыс хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

Өз кезегінде бірқатар мәдени сала қызметкерлері алғыс сезімдерін жеткізсе, саралжындық Рауан Қуанышев бүгінгі кездесуге алып келіп отырған Маралбек Шәріпқали сынды шәкіртімен мақтанатындығын айтты.

Раушан БАҚЫТОВА.