Төрткүл дүние көз тігуде

Төрткүл дүниені Ұлы Дала төсінде тоғыстырған Астана қаласындағы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын барша қазақстандықтар секілді бөкейордалықтар да теледидардан тікелей эфир арқылы тамашалады. Ал, бірқатар жерлестерімізге осы шараның нақ ортасында жүру бақыты бұйырыпты. Солардың үшеуі мына суретте бейнеленген (солдан оңға қарай) Бисен Қадыров – Сайқын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Лариса Қайырғалиева – аудан әкімінің орынбасары, Дильяра Ғабдоллина – аудан әкімі аппаратының бас маманы.

Иә, 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым қатысып отырған осынау басқосуда экономика, ғылым, техника, мәдениет, өнер және өзге де қоғамдық салалардағы жетістіктер паш етіліп, қонақтар қазақ елін тереңірек тани түспек.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.