13.06.2017, 11:57
Қараулар: 1460
Шәкірттеріммен шаттанамын

Шәкірттеріммен шаттанамын

г-708

Жыл сайын мектептерде оздырылатын пән олимпиадасында білімімен көзге ілігіп жүрген шәкірттеріміз аз емес. Мәселен, биылғы оқу жылында орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сынға түскен  Алина Павлова мектепішілік, аудандық кезеңдерде биіктен көрінсе, облыста да жүлделі II орыннан табылды. Былтыр Найля Ғабитова осы пәннен облыстық кезеңнен II орынмен оралып, өз алтын ұясының мерейін асырған-ды.

Сонау балабақшадан құлын-тайдай бірге ойнап-өскен қос шәкіртімнің жетістіктеріне қуана отырып, үлкен өмірге басқан қадамдарына табыс тілеймін. Әрі мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып жүрген мектеп түлектері сан қилы қиындыққа төтеп бере алатын қайсар, ел қамын ойлайтын тұлға боларына сенімдімін.

Ғазиза ӘБЕКЕНОВА,

М.Мәметова атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті

 пәні мұғалімі.

шәкірттер жетістігі

Басқа да мақалалар