5.06.2017, 15:03
Қараулар: 1229
Көпті желпінткен шара

Көпті желпінткен шара

 

 

 р-0156--

Аудандық «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бастамасымен мемлекеттік рәміздер күні аясында М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп базасында ерлер арасында теннистен ауданаралық (командалық) жарыс оздырылды.

Оған іргелес жатқан Ресей Федерациясы Астрахан облысы Ахтуба ауданының Жоғары Басқұншағы мен көршілес Жәнібектен қонақтар келіп, жарыс көрігін қыздырды. Бес команда қатысқан тартысты ойын нәтижесінде жәнібектіктердің асығы алшысынан түссе, олардан кейін жеңімпаздар тұғырына ресейлік меймандар көтерілді. Үшінші жүлде жерлестерімізге бұйырды. Шашын ақ қырау шалса да, спортты серік еткен басқұншақтық Сурабатыр Донбаев «ардагер спортшы», ширақ қимылымен көзге түскен жәнібектік Манас Сарбалин «үздік ойыншы» атағын иеленді. Қысқасы, бұл көптің көңілін желпінткен бір игі шара болды.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ.

Ауыл спорты

Басқа да мақалалар