30.05.2017, 12:41
Қараулар: 334
Оразаңыз мүбәрак болсын!

Оразаңыз мүбәрак болсын!

Рамазан айында исламның бес парызының бірі – ауыз бекіту дәстүрі орындалады. Ораза айының алғашқы күні мешіт жамағатына арнап аудан әкімдігі ауызашар берді. Ақшам намазынан соң мешіт имамы Н.Иманғалиев бастаған ораза ұстаушылар таң атқаннан кешке дейін қаза етпей ұстаған оразаларын ашып, аудан әкімдігі жайған дастарқаннан ауыз тиді. Аудан әкімі Н.Рахымжанов, оның орынбасары Л.Қайырғалиева және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков рамазан айының қасиетіне тоқтала отырып ораза ұстаушыларға ізгі ниеттерін жеткізді. Ауыл тұрғыны М.Сикенов мешіт қорына екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Кеш соңында мешіт имамы аудан әкімдігіне ризашылығын білдіріп, барша мұсылман қауымын осы қасиетті айда жақсылық жасап, сауапты істерге жақын болуға шақырды.

Әділет СӘМЕНОВ.