30.05.2017, 12:37
Қараулар: 303
Жаңалықты жатсынбаған бисендіктер

Жаңалықты жатсынбаған бисендіктер

«Өрлеу» жобасының мақсаты – отбасын кедейшіліктен шығаруға ұмтылғандарға қаржылай көмек беру. Онда отбасының әлеуметтік бейімделуі, өмірде кездесетін ауыр кезеңдерден дұрыс өтуі қарастырылған. Жұмыссыздарға жұмыс орнын іздеу, жұмысы барларға қосымша табыс көзін табу, уақытша жұмыстағыларға тұрақты жұмыс орнын қарастыру, оқыту және қайта оқыту көмегін көрсету, қосымша жеке шаруашылығын кеңейту, оны ұтымды пайдалану, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімді өткізу, т.б. мәселелер қамтылған. «Өрлеу» жобасы бүгінде еліміздің барлық жерлерінде жүзеге асырылып жатыр.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап бұл жоба Бисен ауылында да қолға алынды. Бүгінгі таңда жеті отбасы өз өтініштерін беріп отыр. Олардың бірі қазіргі уақытта шаруа қожалықтарында ашылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылса, екіншісі жастар практикасына, үшіншісі ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Наурыз айында қол қойған үш отбасының есеп шотына  256 мыңнан 460 мың теңгеге дейін ақша аударылды. Осы бойынша жұмыстанып жатқан Нұролла Нұрғалиевтің, Лена Өтешеваның, Ризыхан Ғатауовтың жанұялары жобаның ауылдағы ассистенті  А.Бижанова мен әкім аппаратының жетекші маманы Қ.Төлеповке алғыстарын жаудыруда.

Біз әр отбасының өз жауапкершілігін түсінуіне, еңбек нарығына белсене араласуына, тұрмыстарын түзеуіне ықпал ететін бұл жобаның болашағы зор деп білеміз.

 

Екатерина МӨКЕШЕВА.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар