30.05.2017, 12:32
Қараулар: 286
Соңғы қоңырау салтанаты

Соңғы қоңырау салтанаты

Ұшырады мектебің өз қолынан,

Орныңды тап ғылымның сан қырынан.

«Қайран, мынау қазақтың ұлы»-дейтін,

Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан-дегендей, үлкен сенім арқалаған мектеп бітіруші 150 бөкейлік ұл-қыз үшін күміс қоңырау соңғы рет сыңғыр қақты. Ауданымызда 2016-2017 оқу жылында барлығы 2449 шәкірт білім алса, олардың 561-і оқу озаты, 836-сы оқу екпіндісі атанды.

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да бірқатар білім ошақтарына ауданнан, облыстан арнайы өкілдер жіберіліп, мектеп ұжымдары мен шәкірттерге, ата-аналарға ең ізгі тілектер жеткізілді. Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов Хан ордасындағы қара шаңырақта болып, осы күнгі қуаныш-қызықты бөлісті. Олар алтын ұяларынан ұшқалы тұрған жас түлектерге туған өлкелерінің туын биікте желбіретулеріне тілектестік білдірді.

 ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Соңғы қоңырау

Басқа да мақалалар