30.05.2017, 12:09
Қараулар: 53
Көк байрақ. Елтаңба. Әнұран

Көк байрақ. Елтаңба. Әнұран

р-0147 эмблема

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдық мерекесіне орай аудандық сотта прокуратура, ішкі істер, аудандық ішкі саясат бөлімдері және «Нарын жастары» қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.

Сот төрайымы Гүлжиһан Сағитова Елбасының 1992 жылғы Жарлығымен Елтаңба, Ту белгіленгенін, 2007 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңы қабылданғанын, мемлекеттік рәміздерді дайындау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен айқындалғанын, сондай-ақ, мемлекеттік Ту, Елтаңба және олардың бейнелерін, Мемлекеттік Гимннің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) Үкіметтің қаулысымен бекітілген қағидамен реттелетінін, республика азаматтары, еліміздің аумағында жүрген шетелдіктердің мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуі міндетті екенін атап көрсетті.

Аудандық прокуратураның аға прокуроры Руслан Шәкіржанов мемлекеттік рәміздерді дайындау мен пайдалану заңнамасын бұзудың жауапкершілігіне тоқталып, осындай кемшіліктерге жол бергені үшін 2015 жылы ауданымызда екі лауазымды тұлға әкімшілік жазаға тартылғанын әңгімеледі.

Шараға арнайы шақырылған ардагер-ұстаз, ауданымыздың құрметті азаматы, кәсіпқой емес медиатор Ноқаш Қадымов: «Мемлекеттік рәміздеріміз, егемендігіміз бен елдігіміздің белгісі – Елтаңбамыз еңселі, Туымыз тұғырлы, Әнұранымыз әуезді бола берсін, елдік нышандарымызды ерекше қадірлейік»,-дей келіп, болашақ жастардың қолында екенін, сондықтан олар көк туымызды желбіретуге атсалысуы қажеттігін тілге тиек етті.

Жиында басқа да қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.

    Асхат АМАНОВ,

аудандық соттың бас маманы.

 

 

 

ҚР Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл

Басқа да мақалалар