30.05.2017, 10:45
Қараулар: 1795
Гүлдер туралы не білеміз?

Гүлдер туралы не білеміз?

г-685

Гүлдер де  адам сияқты  өздерін  жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіп жетіледі екен. Егер гүл өсіруге ықылассыздық танытып, су құйылмаса айналасына  «ренжіп», адам ағзасына зиянды химиялық заттарды бөліп шығарады.

Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуендерді «тыңдаса», жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң, олардың бірте-бірте солып қалатынын дәлелдеген екен.

Үйге жаңадан келген таза ниетті адамның энергетикасын гүл екеш гүл де жақсы сезіне алады. Босағаны аттаған жақсы адамдарға қуанып, гүл ата бастайды дейді ғалымдар.

Ал,  кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол сол бойда құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді.  Ал бұл улы заттар адамды ішімдікке итермелейді.

Фикус гүлі қожайынын басқа адамдардан қызғанады. Ғалымдардың пайымдауынша  олар  өз иесін жақсы көретіні соншалықты,  алысқа ұзап кетсе, сағынады.

Қазтамақтың да  (герань) қызғаншақтық қасиеті басым.  Бөлмедегі басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжігенін» білдіреді. Тіпті иесіне деген ашуын көпке дейін гүл ашпай білдіретін көрінеді. Бұл гүлдің қасында 15 минуттай отырсаңыз  жеткілікті. Бойыңызға  жаңа күш дарып, қуат алғаныңызды сезесіз. Өйткені бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады.

Ирандықтар болса  раушан гүлін Тәңірдің тарту еткен сыйына балайды.  Тіпті ғалымдар аталмыш өсімдікті осыдан 25 миллион жыл бұрын пайда болған деген деректерді де келтіре бастады.

Лалагүлі (лилия) және  қазтабан гүлдері (гусиные лапки) ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде  формальдегидтен  тазартады.

Ал, теледидар, компьютер, толқынды пештердің  сәулелерінен   орхидея, өрмелегіш (лиана) өсімдіктері жақсы қорғайды.

Ұсақ жапырақты бұрыштар мен  хризантемалар отбасындағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.

Бөлмеңізге  гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша тартады екен.

 

Сұлулық – адам жанын жадыратып,  қуанышқа бөлейтін  ерекше көрініс. Егер айналаңыз  әсем де ал қызыл  гүлдермен  көмкерілсе  тіптен керемет. Ал, дұрыс таңдалынған гүлдер бөлме ауасын тазартып қана қоймайды, сізге және  отбасыңызға  жағымды әсер сыйлайды.  

 Арайлым ЕСМАҒҰЛ.

 

Сіз білесіз бе?

Басқа да мақалалар