30.05.2017, 10:37
Қараулар: 143
Көше тәртібін де естен шығарма

Көше тәртібін де естен шығарма

в-221-1

Аудандық ішкі істер бөлімінің бастауымен өткен аптада Сайқын ауылында қоғамдық орындар мен көше тәртібін қадағалау негізінде «Өзіңнен баста» рейдтік тексеріс шарасы оздырылды.

Полиция майоры Қайрат Ғайсин бастаған топ құрамында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков, аудандық прокуратураның прокуроры Нұрат Саматов, «Нарын жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жалғас Әшенов және полиция лейтенанттары Алтынбек Назиев пен Талант Ғазезовтер де болды.

Аудан әкімдігі ғимаратының ауласынан басталған тексеріс М.С-Бабажанов, М.Мәметова атындағы орта мектептер мен аудандық аурухана аумағында жалғасын тапты. Рейдтің мақсаты – ауыл тазалығы мен қоғамдық орындардың ластанбауын қадағалау еді. Қазіргі заң бойынша белгіленбеген орындарда шылым шегіп, төңірекке түрлі қалдықтарды тастаған тұрғындар айыппұл төлейді. Мектеп, аурухана аулаларында  темекі тұтатуға мүлдем болмайды. Көшелерге арнайы қоқыс тастайтын жәшік орнатылып, темекі тартатын орындар әр мекемеде болуы тиіс.  Келе жатып темекі тұқылдарын немесе басқа да қалдықтарды жол жиегіне лақтыра тастау мәдениеттілікке жатпайтынын ескеру керек. Рейд кезінде осы қағидаларды бұзған үш адам анықталып, әрқайсысына 3404 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ауыл тазалығын сақтау – басты міндет. Ендеше, оны үлкен-кішіден ыждағаттылықпен талап етейік, жерлестер!

Есен ТЕМІР.