23.05.2017, 12:57
Қараулар: 343
Ақбөкенге оқ атпа

Ақбөкенге оқ атпа

Қос жанары мөлдіреп, адамдардан аяушылық күтетіндей топ-тобымен жүретін бөкендердің соңғы кездері қатары сиреп, тіпті олардың жойылып кету қаупі төніп отыр. Мүйізінен қытайлықтар қымбат дәрілер жасайтындықтан, оларды заңсыз атып алу фактілерінің көбеюі кім-кімді де алаңдатады. Мемлекет тарапынан  тиісті шаралар алынып, қомақты қаражат та бөлінуде. Әйтсе де, оларға тұзақ құру фактілері әлі де азаймай келеді. Яғни, мүйіздерін сатып, жеңіл жолмен ақша тапқысы келетіндердің саны арта түсуде. Мәселен, 2015 жылы бұл факті бойынша қылмыстық іс тіркелмегенімен, 2016 жылы аудан аумағында 6 заңсыз аңшылық орын алған. Биыл 7 қылмыстық іс тіркеліп отыр. Ақбөкендерді атып алу немесе мүйіздерін жинау, сақтау, тасымалдаумен айналысқандар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша  қатаң жауапкершілікке тартылады. Келтірілген залал сомасын өндіріп алу да еселеп өсті. Нақты айтқанда, бір бас киік текесін қанжығасына байлаған адам мемлекетке бір миллион үш жүз мың теңге залал келтіреді. Сондықтан киіктерді аулау немесе мүйіздерін жинау әрекетін жасар алдында қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескерген жөн.

Алдағы уақытта ен даламызда киіктер саны артып, табиғатымызға көрік беріп жүруі, оны ұрпақтарымыздың тамашалауы үшін де өлкеміздегі аңдарды, соның ішінде, киіктерді де қорғау баршамыздың міндетіміз.

Руслан ШӘКІРЖАНОВ,

аудандық прокуратураның аға прокуроры,

І сыныпты заңгер.

Дархан дала еркесі

Басқа да мақалалар