19.04.2017, 19:25
Қараулар: 74
«Алаш туы астында…»

«Алаш туы астында…»

р-087

«Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында биыл Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына жыл кітабы болып ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары таңдалды. Осыған орай, ауылдың кітапханашылары Жәңгір хан атындағы орта мектепте «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» атты поэзия кешін оздырды.

Оқушылардың көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында өткен кешке кітапхананың тұрақты оқырмандары шақырылды. Кеш Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш туы астында…» өлеңімен ашылды. Шара барысында кітапхана қызметкерлері Ажар Ержанқызы мен Ира Садыққызы Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі екендігін, 27 жыл ғұмырында шығармашылықпен небәрі он жылдай айналысқандығын кеңінен әңгімеледі. Ол «Жасамаймын, еңбектің жемісін көзбен көрем деп, Жасаймын, бір қолқабыс кейінгіге берем деп» көздеген мақсатын ашық айтып, кейінгі ұрпаққа құнды әдеби мұра қалдырды.

Оның шығармалары терең мағыналы, алуан жанры көркем суретті қазына. Ұлттық әдебиетімізде кемеңгер ақынның әдеби шығармалары, көрнекті мұралары халқымыздың рухани саласындағы аса елеулі қазына. Әрі оқушылар ақынның «Секілді өмір қысқа жарты тұтам», «Туған еліме», «Оқу», «Шәкірт ойы», «Шығамын, тірі болсам, адам болып», «Неге жасаймын?», «О, Дүние!», «Бақыт» өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Шараға қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақытханым Мизамбаева ұйымдастырушыларға ыстық лебізін білдіріп, ақын  шығармаларын оқығанда алған әсерімен бөлісіп, өз ойын ортаға салды. Кешті қорытындылаған кітапхана меңгерушісі арнайы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

мектепішілік шара

Басқа да мақалалар