19.04.2017, 18:53
Қараулар: 42
«Депрессия, кәне, сөйлесейік!»

«Депрессия, кәне, сөйлесейік!»

а-435-1

Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай аудандық аурухана ұжымының бастамасымен өткізілген «Депрессия, кәне, сөйлесейік!» атты шараға аудан орталығындағы барлық мекеме қызметкерлері белсене атсалысты.

Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева жиналған барша аудан тұрғындарын аталмыш даталы күнмен құттықтаса, аудандық мәдениет, тілдері дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Әлібек Айтқалиев те жиналғандарға ақ тілегін жеткізді.

Бұдан әрі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрбек Ғазезовпен бірге дене шынықтыру жаттығуларын қайталап, бой сергіткен көпшілік ақ халаттылар дайындаған түрлі тренингтер мен ойындарға да қатысып, аурухана қызметкері Әйгерім Аманкелдінің міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) жайындағы баяндамасын тыңдады. Сондай-ақ, кейбір ауыл тұрғындары қан қысымын өлшетсе, тіс күтімі туралы да түсініктер берілді.

Шараны қорытындылаған Лариса Тельманқызы  адам өмірі арашашыларының ісіне ризашылығын білдіріп, алда да қызметтеріне сәттілік тіледі.

Әділет ӘЗІЛХАНҰЛЫ.