19.04.2017, 18:24
Қараулар: 31
Жырға ғашық жас жүрек

Жырға ғашық жас жүрек

в-141

Жәңгір хан атындағы орта мектептің 11 «г» сынып оқушысы Алтынбек Айғалиевтің ұйымдастыруымен 5-11-сыныптар арасында «Поэзия! Менімен егіз бе едің?» атты үш кезеңнен («Аналар – асыл жандар», «Махаббат – мәңгі ертегі», «Поэзия – жырдың мөлдір бастауы») тұратын поэзиялық кеш оздырылды. Өңірімізден шыққан ақындардың өмірімен қоса шығармашылығын дәріптеу, оқушыларды ұлтжандылық пен ізгілікке, мейірімділік пен шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында оздырылған шара әсерлі шықты.

Кеш соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзада Шәріпова жыр сүйер өрендерге  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар табыс етті. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, өлең-жырға құмар Алтынбекке алда келе жатқан мемлекеттік емтиханды жақсы тапсырып, қалаған мамандығының иесі болуына тілектестігін білдіріп: «Биіктерге самға, қанатың талмасын!»-деді.

Кеште Алтынбек өзінің жыр шумақтарын көпшілікке тарту етті.

А.БАТЫРХАНОВА,

мектеп кітапханашысы.