19.04.2017, 18:12
Қараулар: 60
Көктемнің шуақты күндері

Көктемнің шуақты күндері

а-426

Аудандық «Арай» стационарлық туристік-сауықтыру лагерінде  көктемгі каникул кезінде Б.Жәнекешев, А.Құсайынов, М.Бегалиева, Т.Масин және Ш.Жексенбаев  атындағы орта мектеп шәкірттері демалды.

Алғашқы күні оларды бір-біріне үйрету, бейімдеу мақсатында «Өрмекші торы», «Мейірімді жүрек – жылы тірек» атты тренингтер ұйымдастырылып, лагерьдің жарғысымен, қауіпсіздік және ішкі тәртіп ережелерімен таныстырылды. Оқушылар мұнда демалып қана қоймай, аудандық «Пифагор» бейіндік ауысымына да қатысты. Сондай-ақ, «Ой мен ойын», «Би алаңының жұлдызы», «Көрікті көктем – аруы», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», т.б. шаралар мен велотуризм, жасанды жартасқа өрмелеу жарысына қатысып, «Туристік жіп байлаудың түрлері мен техникасы» шеберлік-сыныбы өтті. «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Әшенов пен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы И.Құрмашев бірлесіп оздырған «Асық ату», «Арқан тартыс» ұлттық ойындары мен «Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты шарада ұлттық салт-дәстүр насихатталды.

Аудан орталығындағы мектеп-музейлеріне саяхат жасалып, аудандық мәдениет үйінен «Бізді күтер бір бақыт», туризм орталығынан «Анаға апарар жол» атты фильмдерді тамашалады.

Соңғы күні оқушылар көктемгі каникулды қызықты өткізгендері жөнінде пікірлерін айтып, тілек ағашына «Мен «Арай» лагеріне келгеніме қуаныштымын. Ұйымдастырған шаралары өте қызықты. Әрі қарай көркейіп, жаңара берулеріңе тілектеспін!», «Лагерь жұмысына табыстар тілеймін, педагогтарына үлкен рахмет, демалушы оқушылар саны жыл сайын арта берсін!» деген тілектерін қалдырды.

Айшагүл ЕРҒАЛИЕВА,

лагерь меңгерушісі.

Сайқын ауылы.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар