4.04.2017, 11:30
Қараулар: 305
Ерасыл ерледі

Ерасыл ерледі

«Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің ұйымдастыруымен Атырау қаласында өткен «Мәңгі Ел, Қазақстаным!» атты оқушылар мен жасөспірімдердің халықаралық фестивалінде облыс намысын қорғаған аудандық саз мектебінің шәкірті Ерасыл Есмақтың (жетекшісі Саида Әжіғалиева) қанжығасы майланды.

«Домбыра» жанры бойынша өнер көрсеткен Ерасыл жүлделі бірінші орынды жеңіп алып, «Бейбітшілік әлемі» төсбелгісімен марапатталды. Айта кетейік, жас талант қаңтар айында өткен  «Ақ көгершін»  республикалық байқауында  да топ жарып, жеңімпаз атанған-ды. Енді ол жетекшісімен бірге 29 мамыр – 5 маусым аралығында Түркия Республикасының Анталия қаласында оздырылатын ұстаздар, оқушылар және студенттердің «Анталия – 2017» достық форумы мен ғылыми конференциясына шақыру алып отыр.

Жарайсың, Ерасыл!

құттықтаймыз

Басқа да мақалалар