15.03.2017, 1:26
Қараулар: 27
Мерекелік сый-құрмет

Мерекелік сый-құрмет

р-069 - копия

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қабылдауға келген нұрлы да келбетті, тұла бойына сұлулық тұнған аяулы да ардақты аналарымыз бен қызғалдақтай құлпырған аруларымызды халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саяси-экономикалық және әлеуметтік ахуалды нығайтуда ер-азаматтармен иық тірестіре еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер ел мақтанышы екенін айта келе, мерекелік құттықтауын, раушан гүлін және бағалы сыйлықтарын табыстады. Айта кетелік, аудан басшысының құрметіне ие болғандар қатарында зейнеткерлерлер ордалық Уәсила Рушанова, сайқындықтар Надежда Әменова, Рая Иманжанова, білім саласында үздік көрінген мұратсайлық Шолпан Қазенова, бисендік Назгүл Рақымова, ұялылық Гүлстан Саматова, бөрлілік Светлана Базарбаева мен  саралжындық Аяжан Сыдықова бар.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында оздырылған аталмыш шараға қатысқан кейбір мекеме басшылары да қазіргі таңда қоғамның түрлі саласында қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігі мен әлеуеттілігін, танымы мен талғамын аямаған әйелдер аз еместігіне тоқталып, әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын десті. Өз кезегінде ұжым басқарып отырған әйел азаматтарға да ілтипат білдіріліп, олардың адресіне де ыстық лебіздер айтылды.

Раушан БАҚЫТОВА.