7.03.2017, 10:15
Қараулар: 19
Мемқызмет – мерейі

Мемқызмет – мерейі

Қазіргі таңда біздің алға қойған негізгі мақсатымыз – әлемдегі дамыған озық отыз елдің ортасынан өз орнымызды алу. Осыған сай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқымызды ортақ мүддеге жұмылдыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ұсынғаны да баршаға аян. Аталмыш бағдарламаның 15 қадамы кәсіби, дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға арналған-ды. Ал, бұл – мемлекеттік қызметте өз саласына жетік, адал, талантты азаматтар еңбек етуі тиіс деген сөз. Мемлекеттік қызметкер ең алдымен ел игілігі үшін тер төгетін, ұлт болашағына жауапты тұлға. Сондықтан да оның білім-білігінің сәйкесінше жіті тексерілуі шарт. Осы тұрғыдан қарағанда, мемлекет мүддесі басты орынға қойылған жауапты іске барлық сынақтан сүрінбей өткен лайықтылар ғана келгені абзал.

Жалғас ӘШЕНОВ,

аудандық мәслихат депутаты.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар