28.02.2017, 12:32
Қараулар: 241
Ұжымдағы жиын

Ұжымдағы жиын

«Нұр Отан» партиясының «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел – өркендеуші ел» жобасы аясында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында ұжымның жиналысы оздырылды. Оған шақырумен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.К.Арыстанбеков қатысты.

 

Қазіргі уақытта ХҚКО аптаның жұмыс күндері  9-00-ден 20-00-ге дейін әрі сенбі, жексенбі күндері де істеуде. Күніне орта есеппен 50-60 адамға жүзден астам қызмет түрі көрсетіледі. Аудан бойынша 20 адамның ҚР азаматтығын дәлелдейтін төлқұжаты жоқ болса, жүзге тартасы есепке отырмапты. Осы уақытқа дейін ХҚКО-да еңбек тәртібін не болмаса ҚР Заңын бұзған қызметкер болмапты. Мекемеде сенім жәшігі, сенім телефоны да бар. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сыртқы босағаға шақыру нүктесі орнатылған. Тұрғындар тарапынан өкпе-реніш білдірілмеген.

Жиналыста сөз алған Тілеген Керейұлы ұжымға және оның басшысы Рашид Әбуовке осы қарқындарыңнан жазбай, халық сенімінен шыға беріңіздер деген тілегін білдірді.

Дәулет ӘЛИЕВ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар