14.02.2017, 11:04
Қараулар: 18
Маңызы мен мәні терең

Маңызы мен мәні терең

Елбасымыздың Жолдаулары әрқашанда ел дамуындағы басым бағыттарды дөп басып көрсетумен ерекшеленеді. Биылғы Жолдауды Қазақстанды Мәңгілік Ел межесіне жетелейтін темірқазыққа баласақ артық етпес, сірә?! Өйткені, онда ұзақ мерзімді мақсаттармен қатар жедел шешілуі тиіс міндеттер де қойылған. Олардың ішінде экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, тауар өткізу мен өндіру, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеу, бизнесті жүргізу, кәсіпкерлікті дамыту – бәрі-бәрі қамтылған. Аграрлық салаға көңіл бөлінген. Білім беру, әлеуметтік, денсаулық сақтау салалары да ұмыт қалмаған.

Жолдауда көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру енді билік институттары мен қоғамның мойнында. Одан үкіметтік емес ұйымдар да, еліміздің жалпы тұрғындары да шет қалмасы хақ. Бұл іске біздің «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестігі де өз үлесін қосатын болады. Қазірдің өзінде маңызы мен мәні зор Жолдауды көпшілікке түсіндіру жұмыстарын бастап кеттік.

Г.БИСЕКЕНОВА,

аудандық «Нарын шуағы» әйелдер

 қоғамдық бірлестігінің төрайымы.