14.02.2017, 10:59
Қараулар: 18
Жолдау мен Үндеу қолдау тапты

Жолдау мен Үндеу қолдау тапты

в-87-1Ауыл әкімдері, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, жастар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында оздырылған аудан активі жиынында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен оның билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін түсіндіру және жұмыс барысында оларды басшылыққа алып, іске асыру жәйі жан-жақты сөз болды.

Актив жиынында алдымен аудан әкімі Н.С.Рахымжанов Мемлекет басшысы осы кезге дейін алға қойған реформаларды ілгері дамытып, халқымыздың әл-ауқаты мен өмірлік мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан үшінші жаңғыруын бастағандығын жеткізді. Бұл Жолдау «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын орындау бағытындағы сенімді көпір болып табылатынын әрі негізгі міндеттер «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» базасында атқарылатындығын сөз еткен Нұрлан Сағынтайұлы Елбасының таяудағы Үндеуі де мемлекеттік басқару жүйесін жаңа кезеңге шығаратындығын атап өтті. Әрі аудан басшысы Жолдауда айқындалған басымдықтарды ескере отырып, кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді жоспарлар, мемлекеттік жеке меншік әріптестікті кеңейту бойынша ұсыныстар әзірлеуді, ауыл шаруашылығының, бизнестің дамуына, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою жөнінде нақты шаралар алуды орынбасары Р.М.Зұлқашевке, ауданға қажетті мамандықтарға жан-жақты талдау жасап, тиісті шешімдер қабылдауды, білім беру ұйымдарының сапасын арттыруға, үштілді оқуға кезең-кезеңмен көшуге бағытталған жұмыстардың кешенді шараларын әзірлеуді, денсаулық сақтау саласында міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттандыруды, мемлекеттік бағдарламалар аясында қызметтен қысқартылған тұрғындарды кәсіби қайта даярлау және оларды жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған істерді жандандыруды орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға тапсыратынын жеткізді.

Жиын барысында ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру мен қайта өңдеу департаментінің стратегия және талдау басқармасының басшысы Н.А.Мақашев Жолдауға байланысты өз ой-толғамын білдірді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.К.Арыстанбеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Қ.Таңатов, еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы Ч.Х.Қойшыбаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Б.М.Жұмағұлова, жастармен жұмыс жөніндегі орталықтың жетекшісі И.Р.Құрмашев  Жолдау мен Үндеуге қатысты өз ой-пікірлерімен  бөлісті.

Актив жиыны тиісті қарар қабылдаумен қорытындыланды.