31.01.2017, 15:54
Қараулар: 317
Алиментті уақтылы төле!

Алиментті уақтылы төле!

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 12-тармағында «Әрбір баланың дене бітімінің, психикасы мен жан дүниесінің толымды дамуы үшін қажетті тұрмыс деңгейі мен жағдайы болуға құқығы бар» деп көрсетілген. Мемлекетіміз балалардың дамуына, толымды тәрбие алуына барлық жағдай жасап отыр. Оған тек қана мемлекеттік органдар емес, қоғам да көмектесіп отыр. Прокуратура органдары балалардың құқықтарының қорғалуын қадағалауды маңызды бағыттардың бірі санайды.

Өз балаларына көмектесуден жалтарып отырған тұлғалар – алимент төлемей отырған борышкерлер. Ауданымыздағы сот орындаушысының есебінде тұрған балаларына алимент төлеуге тиісті 84 адамның  22-сі міндеттеріне жауапты қараса, қалғаны неше түрлі сылтаумен жалтару үстінде. Қазіргі уақытта бірнеше заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, соның ішінде, аналар мен балаларға қатысты қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол берген тұлғалардың жауапкершілігін күшейту қарастырылған.

Кейбір борышкерлер баланың кәмелет жасына толғанын күтіп, соңынан берешектен құтыламын деген оймен алимент төлемейді. Баланың кәмелет жасына толғаны борышкерді берешектен босатпайды. Сондықтан алиментті уақтылы төлеген жөн.

Р.ШӘКІРЖАНОВ,

аудандық прокуратураның аға

прокуроры, І сыныпты заңгер.