14.12.2016, 16:06
Қараулар: 226
Мемлекет мәртебесі

Мемлекет мәртебесі

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын қабылданғанына, міне, 25 жыл. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Н.Назарбаевты ел Президенті етіп сайлағанына да ширек ғасыр (1991 жылы 1 желтоқсан) толды.

Ел бағына туған Елбасымыз өзі құрған мемлекетті жаңа биіктерге бастап келеді және үлкен жетістіктерге қол жеткізді.  Еліміздегі сот жүйесі де шынайы тәуелсіз құрылымға айналды. Елбасының тапсырмасына сәйкес, сот жүйесін жаңғыртуға бағытталған 11 мақсатты қадамды қамтитын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданды. Елбасының қатысуымен Қазақстан судьялардың VII съезі өтті.

Тәуелсіз еліміздің абыройын асқақтатып, Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев халықтың жарқын істерін және еліміздің мәртебесін көтеруде. Елбасының еселі еңбегін мақтаныш етеміз. Тәуелсіз Қазақстан жасай берсін!

 

З.ЗАЙНОЛЛИНА,   

аудандық соттың

кеңсе меңгерушісі.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар