8.12.2016, 18:06
Қараулар: 295
Марапат мерей өсіреді

Марапат мерей өсіреді

Аудандық мәдениет үйіндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанат мемлекеттік Әнұранмен басталды. Мерекелік баяндама жасаған аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов мәслихаттың шешімімен «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілген сайқындық зейнеткерлер Қапез Қабиев, Зауыр Өтеев, Ержан Ғұмаровтарға төсбелгі мен куәліктерін ұсынып, иықтарына «Ауданның құрметті азаматы» деп алтын әріптермен жазылған лентаны ілді. Сондай-ақ, ол дәрігер Нәсіп Нүркеноваға денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың, Сайқын ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Аққалиевке «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлейменнің Алғыс хатын, «Тайыр Жароков» бастауыш партия ұйымының төрайымы Нұргүл Омарова мен «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Исатай Құрмашевке  дипломын, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Раушан Абдоллина мен оның орынбасары Нұрлан Темірбаевқа облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаеваның, ал, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне облыс әкімі Алтай Көлгіновтің Алғыс хатын әрі «Нұр Отан» партиясы мүшелігіне қабылданған бір топ жерлестерімізге билеттерін салтанатты жағдайда табыстады.

Шара соңы аудандық балалар саз мектебі ұжымы мен аудандық демалыс орталығы қызметкерлерінің концертіне ұласты.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар