29.11.2016, 17:52
Қараулар: 31
Жаңа ойын алаңдары

Жаңа ойын алаңдары

%d0%b3-526Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында белгіленген жоспарға сәйкес Хан ордасы ауылындағы Жәңгір хан атындағы орта мектепте жасанды шөп төселген спорттық алаңның ашылу салтанаты өтті. Оған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Әлібек Айтқалиев пен Орда ауылдық округінің әкімі Медет Сейсенов, ауыл атқамінерлері, ұстаздар және оқушылар қатысты.

Шарада алдымен сөз алған Әлібек Қанатбайұлы өзін әлемге мойындаттырып, даңқы жер жарған спортшылар да жаттығуды осындай шағын алаңдардан бастаған дей келе, ордалық өрендерді салауатты өмір салтын сақтауға шақырды. Медет Исаұлы мен мектеп директоры Олжас Түсіпқалиев бұл игілікті істің өз ауылдарында жалғасын тапқанына ризашылықтарын жеткізсе, зейнеткер-ұстаз Алтын Бисалиева да шәкірттер шаттығына ортақтасты. Айта кетелік, дәл осындай шара нақ осы күні іргелес Бисен ауылында да оздырылып, су жаңа спорттық алаң ауыл халқының игілігіне берілді.

«Шынықсаң, шымыр боларсың» дегендей, спорт сүйер жеткіншектердің жиі жиналатын ойын алаңқайына айналуына біз де тілектеспіз.

Г.ҚАЛЕСҚЫЗЫ.