5.11.2016, 17:14
Қараулар: 26
Талаптың мініп тұлпарын

Талаптың мініп тұлпарын

%d0%b3-480-1Орал қаласында өткен балалар шығармашылығына арналған республикалық «Дала дарындары» байқауынан бөкейлік балғындардың қанжығасы майланып,  бұл жолы да  өнер  бәйгесінен мол олжамен оралды.

Шашасына шаң жұқтырмай жүрген хор ұжымы бас жүлдені жеңіп алса, фортепиано аталымы бойынша әр деңгейдегі байқауларда  топ жарып жүрген ағайынды Сезім, Айым Хамидоллалар (жетекшісі С.Рахымжанова) ІІ-ІІІ орындарды еншіледі. Сондай-ақ, қазақтың қара домбырасының күйін келтіріп, үлкен жүлделерге ие болып жүрген дарынды қыз Фариза Ғабділманнапова бас жүлдені иеленсе, Әміржан Бақытжанға (жет. А.Зайноллин) І орын бұйырды. Қорқыт бабаның аңыраған қобызымен тыңдарманның құлақ құрышын қандырған  Зуһра Дүйсенғалиеваның шәкірттері Рада Манасова мен Зарина Сүлеймен және қобызшылар ансамблі (Динара Кереева, Жансая Әміржан, Әсем Таубаева, Эмилия Нұрғалиева) ІІ орыннан көрінсе, саралжындық Эльмира Жапаеваның оқушысы Гүлпара Табылдиева да ІІ орынға лайық деп танылды. Көркемсөз оқу шебері Дильназ Жасқайратова (жет. Г.Махмудова) да ІІ орынға табан тіреді.

Гүлнар ТАСБОЛАТҚЫЗЫ.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар