5.11.2016, 14:00
Қараулар: 42
Көлік құралдары салығы

Көлік құралдары салығы

cost of car. with calculatorӘрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық төлеуші салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Салық салу объектiлерiне меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқықтарын берген кезде салық сомасы мынадай тәртiппен есептеледi:

1) беруші тарап үшін:

Салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

Салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

2) алушы тарап үшін;

Салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.

Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде, салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.

Ұрланған деп  саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.

Салық төлеу мерзімдері:

Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмеуі тиіс. Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.

Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден немесе мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн салық кодексінде белгiленген тәртiппен салықты есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi.

Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

 

Т.ӘЛІШЕВ,

аудандық мемлекеттік кірістер

 басқармасының  бас маманы.