25.10.2016, 14:16
Қараулар: 31
Әкім Айнұрды қабылдады

Әкім Айнұрды қабылдады

%d0%b3-469Кеше аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов «Мейірбандық күндері» қайырымдылық айлығы аясында «Мүгедектердің ерікті қоғамы» облыстың қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз» атты облыстық фестивальде «Үздік орындаушы» аталымын жеңіп алған М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің ІХ сынып оқушы Айнұр Өтегенованы қабылдады.

Қабылдауға Айнұр Жұмагерейқызының ұстазы Шынар Иманғалиева, оларды облысқа апарып қайтқан аудандық жұмысқа қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкері Салтанат Молдашева және аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева бастаған білім, мәдениет, әлеуметтік сала, ішкі саясат бөлімі басшылары қатысты.

Нұрлан Сағынтайұлы жас таланттың өнердегі қадамына сәттілік, деніне саулық, өміріне бақыт тілеп, осындай үздік көрінген жастарды қабылдау оларды ынталандырып, жігеріне-жігер қосатынына тоқталды. Өзгелер де осы пікірді қуаттап, Айнұрға өз лебіздерін білдірді.

– Өнерің үстей берсін, әрдайым биіктерден көрін дейміз, — біз де оған.

К.ҒАЙСИН.