25.10.2016, 12:43
Қараулар: 29
Электронды тіркеу – заман талабы

Электронды тіркеу – заман талабы

%d0%b0-183Қазіргі таңда әлемнің 189 мемлекетін қамтитын дүниежүзілік банкінің «Douing bussines» рейтингісінде Қазақстан Республикасы меншікті тіркеу саласы бойынша 14 орында. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, нотариалды куәландырылған шарт негізінде жылжымайтын мүлікке жүргізілетін электронды мемлекеттік тіркеу баламасыз түрде жүргізілуде. Енді азаматтарға құжаттарын тапсыру  және алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ. Нотариус мәмілені рәсімдеген соң сатып алушының жазбаша келісімі негізінде қажетті құжаттарды өзінің электронды цифрлы қолтаңбасымен электронды бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі арқылы әділет органының «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» дерекқорына жолдайды.

Бүгінгі таңда ауданымызда жыл басынан бері жеке нотариуспен куәландырылған нотариалдық мәмілелер негізінде 75 жылжымайтын мүлікке құқық электронды түрде тіркелген. Соның ішінде сатып алу-сату — 55, сыйға беру — 19, мүлікті сенімгерлікке келісіммен беру шарты -1. Былтыр 69 жылжымайтын мүлікке  құқық электронды  түрде  тіркелген-ді.

Жаңа ережелер бірінші кезекте  азаматтардың уақытын үнемдейді. Бұрын мемлекеттік тіркеу 5 күн ішінде жүргізілетін болса, бүгінде меншік құқығын тіркеу уақыты бір жұмыс күнінде жүзеге асырылады. Көрсетілген жеңілдіктер еліміздегі меншікті тіркеу мәселелерін одан әрі оңайлатып, аталған рейтингтегі еліміздің позициясын көтеруге ықпал ететіні анық.  Сонымен қатар, азаматтар Электронды үкімет порталы арқылы

  • жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
  • жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша тапсырыс бере алады.

Электронды цифрлы қолтаңба болмаған жағдайда, көрсетілген анықтамаларды белгіленген үлгідегі өтінішке жеке басын куәландыратын құжатты жалғай отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарынан да алуға болады.

Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта ұсыну қоғамдағы әкімшілік кедергілер,  сыбайлас жемқорлық сияқты  келеңсіз жағдайлардың алдын алуға және ең бастысы азаматтарымыздың уақытын үнемдеуге септігін тигізіп,  мемлекеттік  қызмет көрсету  сапасын арттырары хақ.

Раушан ҚАЖИПАНОВА,

аудандық әділет басқармасының

инспектор-тіркеушісі.

* * *

Халыққа қызмет көрсетудің барлық саласын электронды түрге көшіру елімізде жаппай етек алуда. Өйткені, уақыт – қымбат. Біреулер жұмыста, біреулер үй шаруасында, енді біреулер бала күтімімен, тәрбиесімен айналысуда. Артық жүруге, барып кезекте тұрып, күтуге мүмкіндіктері жоқ. Міне, осындай жағдайда үкіметтің электронды түрде қызмет атқаруы аса маңызды. Бұл – халыққа жасалған үлкен қамқорлық.

Аудандық  аурухана  дәрігерлерінің қабылдауына да тұрғындар үйде, жұмыс орнында отырып жазыла алады. Әркімнің қалаған дәрігеріне www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жазылуына болады.

Н.ОРЫНБАЕВА,

аудандық аурухананың қызметкері.