12.10.2016, 18:21
Қараулар: 226
Мүлікті жария ету

Мүлікті жария ету

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде қолға алынып жүргізіліп жатқан мүлікті заңдастыру акциясының аяқталуына екі айдың шамасындай уақыт қалды. Биылғы акцияға үлгірмей қалған азаматтардың мүлкі немесе қаржысы анықталса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Айта кетелік, жыл басынан арнайы заңға өзгерістер енгізу нәтижесінде бүгінде ақшалай қаражаттарды заңдастыру тәртібі біршама жеңілдеді. Қаржы мен мүлікті заңдастыру арқылы азаматтар қылмыстық қудалаудан сақтандырылып қана қоймай, әкімшілік жауапкершіліктен де құтылып, салық төлеуден босатылады. Әрі бұл жолғы акцияның уақыты алдынғы екі науқанға қарағанда ұзағырақ болып отыр.

Құзырлы органдар мүлкін заңдастырушы азамат жайлы ақпараттардың құпиялылығын қамтамасыз етуге де кепілдік береді. Жарияланған субьектілер құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан болуы мүмкін заңсыз іс-әрекеттерден толықтай қорғалған. Сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу немесе мүлікті және ақшаны жариялауды істе дәлел ретінде қолдануға тыйым салынады. Жарияланған мүлік тәркіленбейді.

Заңға сәйкес жариялауға мыналар жатады:

—         ақша, бағалы қағаздар;

—         заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу еншісі;

—         иелігі жоқ тұлғаға рәсімделген құрылым (құрылыс ғимараты);

—         жеке меншікке құқығына жариялық жасау субъектісіне жататын жер теліміне орналасқан ғимарат, құрылым, құрылыс ғимараты;

—         заңды тұлғаның жарғылық капиталында қатысу еншісі;

—         Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүлік.

Мүлікті (ақшадан басқа) жариялауға рақымшылық жасауды әкімдіктердің жарияланатын субъектілерге мынадай құжаттарды ұсыну жолымен жүргізеді:

  • мүлікті жариялауға рақымшылық  жасауды жүргізуге өтініш, екі дана;
  • жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі, құжатты ұсынған кезде түпнұсқасын көрсету арқылы қабылданады;
  • нысанның құрылыс нормалары мен ережелері сәйкестігіне қарай ғимарат пен құрылымға техникалық зерттеу жүргізген аттестациядан өткен сарапшының қорытындысы;
  • жылжымайтын нысанның техникалық төлқұжаты.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтаруға мыналар негіз бола алады:

  • заңда белгіленген құжаттардың топтамасы толық ұсынылмауы;
  • ұсынылған құжаттарда өшірулер мен түзетулердің болуы;
  • ұсынылған құжаттар ҚР заңнамасының осындай құжаттарға қойылатын талаптарына сәйкес келмеуі.

Мүлікті жария ету үшін ұсынылған құжаттарды қайтаруға негіз болған себептерді жойған кезде өтініш беруші Заңда белгіленген мүлікті (ақшадан басқа) жария ету мерзімі ішінде мүлікті жария ету бойынша қайтадан өтініш беруге құқылы. Жария ету мерзімі ішінде берілген мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы өтініш комиссияға, салық органына берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады. Елімізде орналасқан мүлікті жариялауға рақымшылық жасаған кезде жарияланатын мүлікке алым алу көзделмеген.

Жекелеген сыбайлас жемқорлық және басқа да құқық бұзушылық, сондай-ақ мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы қылмыстық жолмен алынған мүлік жариялауға, рақымшылық жасауға жатпайды.

Мүлікті жариялауға рақымшылық жасау 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды. 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Жариялауға (ақшадан басқа) ұсынуға арналған құжаттарды беру мерзімі 2016 жылғы 30 қарашада бітеді.

Талап ДӘУЛЕНОВ,

аудандық мемлекеттік кірістер

басқармасының бас маманы.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар