12.10.2016, 18:11
Қараулар: 18
Баспанаң отқа оранбасын

Баспанаң отқа оранбасын

16-05-2016-brazilОблыстық төтенше жағдайлар департаметі басшысының 2016 жылдың 16 қыркүйектегі №192 бұйрығымен облыс аумағында ағымдығы жылдың 15 қыркүйегімен-15 қазаны аралығы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы  деп  жарияланды.

 

Департаменттің хабарламасына сүйенсек, үстіміздегі жылдың сегіз айында облыс көлемінде орын алған 391 өрт оқиғасының 265-і тұрғын үй секторында тіркеліпті (жалпы өрт санының 67,7%). Онда 5 адам қаза болып, 16 адам жарақаттанған. Келген материалдық шығын 8291000 теңге. Біздің ауданымыздағы орын алған 8 өрт оқиғасының дені тұрғын үй секторында. Тарқатып айтсақ, Сайқын ауылдық округінде – 3, Орда  ауылдық округінде – 3, Бисенде – 1 өрт оқиғасы тіркелген.

Соңғы жылдары ауданда көгілдір отынмен жылытылатын баспаналар саны күн санап көбейгенімен, қатты отынды пайдаланатын үйлер әлі де бар. Сондықтан да жылыту пештерін пайдалану барысында және от жағу кезінде сақтық шараларын естен шығармайық, ағайын.

Т.АПАҚАЕВ,

аудандық ТЖ бөлімінің басшысы,

азаматтық қорғау капитаны.