12.10.2016, 17:04
Қараулар: 28
Жұмыста – ұстаз, үйде…

Жұмыста – ұстаз, үйде…

%d1%80-051Бүгінде қоғамымызда үй шаруасы, бала тәрбиесімен бірге қызметті де қатар алып жүрген аналарымыз жетерлік. Солардың арасында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруді өзінің сүйікті кәсібіне айналдырғандардың көптігін «Ер Төстік» бөбекжайында оздырылған шарадан анық байқадық.

Мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеші Айнұр Мусина мен логопед-дефектолог Әсел Қадырқұлованың ұйымдастыруымен «Менің анам» атты байқауға бүлдіршіндерін жетектей келген аналардың барлығы мұғалім екен. Айта кету керек, олар сайыстың төрт бөліміне де тынғылықты дайындалып, көрермендер ілтипатына бөленді.

Нәтижесінде Мнаура Әлішева егіз балапандары Әсел мен Әлішердің балғын балалалық шағынан слайд дайындап,  «Сәлемдесу – сөздің бастауы», Гүлзада Бижанова қызы Альмирамен «Моя мама учитель» өлеңін оқып, «Өнеріңді таныт халқына» аталымын иеленсе, ал, Нұргүл Иманғалиева Наргизамен «Зүбаржат тасбақа» салатын әзірлеп, «Жұмыста – ұстаз, үйде – аспаз» атанды. Өз кезегінде бөбекжай директоры Анаргүл Мамаева байқау қатысушыларына ризашылығын білдіріп, осындай шаралардан әр мамандықтың қыр-сырын көрінетінін тілге тиек етті.

Р.АППАҚОВА.