27.09.2016, 16:36
Қараулар: 352
Алтын той иелері ұлықталды

Алтын той иелері ұлықталды

Жақында Мұратсай ауылдық мәдениет үйінде жергілікті кітапханамен бірлесе ұйымдастырылған әдемі шара өтті.

 

Округ әкімі Сымбат Қапезова ауылымызға қадірлі қос ұстаз, отау құрғандарына елу жыл толып отырған Каспи Жахатұлы мен Құралай Қодашқызын айтулы күндерімен құттықтап, ұзақ та баянды ғұмыр тіледі.

Өмірлерін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ерлі-зайыптылардың ұлдары да ата-ана жолын қуып, әулеттің еңбек эстафетасын жалғастырып келеді. Арыстай төрт ұл келінді де мұғалімдерден тандапты.

Алтын той иелерін үлкендер атынан Исатай Дәулетов пен Шолпан Қазеновалар құттықтап, ізгі лебіздерін жеткізді. Сондай-ақ, Әжен ауылының ауылнайы Қалияр Қиясов, тайғаралық Идағат Нарынов, жас отау иелері Жангелді Ихсановтар өмірлері өнеге жандарға қызықты сұрақтар қойып, шақырулы қонақтар арасында ашық әңгіме өрбіді.

Каспи Жахатұлы кеш соңында өткен жылдарынан сыр шертіп, кейінгілерге ақ батасын берді. Көпке жылы әсер сыйлаған айтулы кешті ауылдық мәдениет үйінің директоры Қасым Есекешев қорытындылап, мерейтой иелеріне  сый-сыяпат табыс етті.

Бағила БЕРІКҚАЛИЕВА,

ауылдық мәдениет

 үйінің көркемдік жетекшісі.

Бөкей Ордасы ауданы.