1.09.2016, 18:07
Қараулар: 81
Жемқорлық – шын қорлық

Жемқорлық – шын қорлық

а-69Биылғы 1 қаңтардан бастап «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның күшіне енгені белгілі. Ол сыбайлас жемқорлық саласындағы қатынастарды реттей отырып, осы бағыттағы саясатты іске асырады, сыбайлас жемқорлықтың белгілерінен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қорғайды.

Бұл заң бұрынғы ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңынан өзге және басты бағыты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.  Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдардың (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдардың, сондай-ақ, көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын тұлғалардың өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануына жол бермеу мақсатында, аталғандар осы заңның 13, 14 және 15-баптарында  белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, өздеріне:
1) мемлекеттік функцияларды орындау мен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыру;
2) жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу;

3) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындау барысында сыйлықтар қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Сыбайлас жемқорлықтағы нысандарға қазіргі уақытта мүліктік емес игіліктер мен үшінші тұлғалардың мүдделерін қорғау жатады. Өз мүлігі бойынша есеп тапсыратын тұлғалардың тізімі кеңейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеудің саны көбейтілді. Оған жауапты қызметкерлердің шет елде жылжитын немесе жылжымайтын мүлікке ие болуы, туысқандарына жер учаскелерін бөлуі және басқалар да кіреді.

Егер де сізге сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң бұзушылықтар жөнінде хабарлама түссе, аудандық прокуратураның 21268 «сенім телефонына» қоңырау шалуыңызға болады.

 

Р.ШӘКІРЖАНОВ,

       аудандық прокуратураның

               аға прокуроры