9.08.2016, 11:09
Қараулар: 387
Инновациялық геоақпараттық жүйе

Инновациялық геоақпараттық жүйе

А-40h«Қылмыстық құқық бұзу картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде «қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл қоғамға ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді» деп жазылған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 32-ші қадамында. Осыған сай Бас прокуратураның қылмыстық статистика және арнайы есепке алу комитетіне «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру тапсырылған-ды. Жасақталатын портал орын алған қылмыстардың интерактивті картасы негізінде жаңартылып, жетілдіріледі.

Айта кететін жайт, бүгінгі күнгі қолданыстағы интерактивті карта комитеттің ведомстволық порталына 2012 жылы орналастырылып, оған облыс орталықтарының көшелерінде жасалған қылмыс орындары енгізілді. «Қылмыстылық картасы» өз кезегінде Қазақстан қалаларының картасында жалпы қылмыстардың жасалған криминогенді орындарын визуалды түрде көрсетуге арналған. Жобаның мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылық туралы ашық ақпарат беру нәтижесінде қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның жұмыс механизміне тоқталсақ, қылмыс туралы ақпарат тіркеліп, деректер қорына енгізілгеннен кейін, 2-3 минуттан соң автоматты түрде географиялық картадан көрініс табады. Портал қосымшасы онлайн режимінде жұмыс жасайды әрі интернет желісінде оңай қол жеткізуге болады. Картаға енгізілген деректерді қарап шығу үшін http://service.pravstat.kz мекенжайы бойынша комитеттің бұқаралық ақпараттық сервисіне кіруге болады, ал жобаның Desktop-нұсқасын (Silverlight арқылы жүзеге асырылған) http://infopublic.pravstat.kz сілтемесі бойынша немесе кез-келген іздеу жүйелерінен (мысалы, Googl) ҚР қылмыстылық картасы деп сілтеме жасау арқылы табасыздар.

Жүйеге ену арқылы кез-келген азамат облыс орталықтарының картасынан қылмыс жасалған орынды, тіпті, көше мен үй нөміріне дейін көре алады. Мұндай интерактивті картаны пайдалану полиция қызметкерлеріне әр аймақтағы криминогенді жағдайға талдау жасауға ғана емес, сонымен қатар, қарапайым тұрғындарға да қылмыстылықтың  жай-күйі мен қауіпті орындарды біле отырып, өзінің тұратын немесе жұмыс орнына барып-қайту жолдарында сақтық шараларын ұстануына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, әркім өзінің тұрғылықты немесе жұмыс орнын көрсету арқылы сұрау жіберсе, соңынан сұрауына электронды түрде көрсетілген радиустағы ауданда тіркелген қылмыстар туралы хабарламалар белгіленген мерзімділікпен келіп тұрады. Әрі комитет адамдардың жарақатына немесе өліміне апарып соқтырған жол-көлік апаттарын бірыңғай статистикалық есепке алуға өкілетті орган болып саналады. 2013 жылдан бастап «Апаттылық картасы» интерактивті жүйесі іске қосылды. Қазіргі таңда әрбір ниет білдіруші ғаламтор арқылы өзінің электронды картасының көмегімен апаттылықтың жай-күйі туралы ақпаратпен таныса алады. Бұл қосымшаның ерекшелігі – жеделділігі. Өйткені, адамдардың жарақатына немесе өліміне апарып соқтырған жол-көлік апаттары тиісті деректер қорына енгізіліп, апат орны мен басқа да мәліметтер бірнеше минуттан соң осы картада шыға бастайды. Апаттылық картасы облыстың елді мекендері мен жолдарындағы ең қауіпті учаскелерді көрсетеді. Осыған қоса кез-келген жыл мен айға қатысты статистикалық мәліметтерді де қарауға болады. Бұған қоса жасөспірімдер қылмысы мәселесінің белең алуына байланысты «Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының картасы» интерактивті жүйесі пайда болды. Бұл карта мемлекеттік органдардың талдау қызметтеріне нақты уақыт режимінде балалар жасаған қылмыстардың орны мен кәмелетке толмағандардың оқу орындарын көрсетеді.

Қазіргі таңда комитет сайтында «Өтініштер (жүгінулер) картасы» да жұмыс істей бастады. Онда облыс, қала, аудандардан келіп түскен өтініштер бойынша барлық негізгі көрсеткіштер енгізіледі. Демек, бұл көрсеткіштер де жалпыға қол жетімді болмақ. Картада қолайсыз деп танылған жерлер қызыл түспен белгіленеді.

Б.ДӘУЛЕТОВ,

құқықтық статистиканың

ауданымыздағы статистигі.

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар

Түсініктеме

Академия web образования Visart http://v-i-s-a-r-t.ru/ это Обучение WEB профессиям,Интернет творчество, блоггинг и развитие Авторских проектов, Он-лайн ( on-line) Школы, +7 969-710-80-15. Полезные советы по Здоровью и на все случаи жизни, Заработок без вложений, Компьютер, хитрости интернета, бизнес, соцсети, программы, интернет-маркетинг

Acuity Insurance
auto insurance co ratings Listing and sold prices aren’t rising artificially due Acuity Insurance high demand as they do in a seller’s market, 056 0 0 0-5. Step 3, luxury Portfolio. Cabin class, pets allowed. Gov/aphis/pettravel and whether forms need to be authenticated, insurance for owners. We can show you options so you can choose the Acuity Insurance that’s right for your needs, the most common reason auto techs lose their job is due to a poor attitude or a reluctance to learning new things about the profession. Simulating a fade out on Acuity Insurance, there are rehabilitation loans Acuity …
The post Acuity Insurance appeared first on Hosting.

New-mexico Finance

Реклама в интернете от 20 usd за месяц. Опыт 26 лет.Посмотреть примеры Услуг на http://1541.ru/cms/reklama.php