26.07.2016, 17:03
Қараулар: 319
Ұлт жоспары насихатталуда

Ұлт жоспары насихатталуда

г-399Бисен ауылында «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы, ауыл әкімі Қ.Саматовтың төрағалық етуімен Ұлт жоспары – Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың жүз қадамын насихаттауға арналған жиын өтті. Оған ауыл тұрғындары, яғни, партия белсенділері, мекеме басшылары, еңбек ардагерлері және жастар қатысты.

Өз сөзінде Қайырсапа Саматұлы Ұлт жоспарындағы 100 нақты қадамды мемлекеттік қызметкерлердің халыққа көрсетіп жатқан жұмыстарымен ұштастырып, ауылдағы атқарылған іс-шаралар жөнінде қысқаша түсінік берді.

Жиында сөйлеген ауылдық округ әкімінің бас маманы Е.Сапашев, әлеуметтік қызметкер А.Минажева, жастар жетекшісі Н.Өтеғалиев, орта мектеп мұғалімі Н.Насыровтар күн тәртібіндегі мәселеге қатысты өз пікірлерімен бөлісіп, Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолында ауылдастарын бірлесе қимылдауға шақырды. Аталмыш шараны қорытындылаған ауыл әкімі округтегі мәдени шараларға, ауыл шаруашылық жұмыстарына, тазалық сақтауға белсене атсалысу, жастарға үлгі-өнеге көрсету ортақ мақсат екенін тұрғындар есіне тағы бір рет салды.

Г.БАДЕЛОВА.

100 нақты қадам

Басқа да мақалалар