21.06.2016, 20:07
Қараулар: 330
Кеңейтілген кеңестің көмегі немесе кәсіпкерлікті дамыту жолдары

Кеңейтілген кеңестің көмегі немесе кәсіпкерлікті дамыту жолдары

д-245-1Аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Әнуар Ниетқалиев пен бөлім басшысы Бақдәулет Ыбрайымов бастаған бір топ мамандар «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Оған осы салада жүрген жерлестерімізбен қатар, ауылдық округ әкімдері, мекеме басшылары, аудан әкімі орынбасарлары қатысты.

 

Семинар-кеңесті ашқан аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов қонақтарға қош келдіңіздер айтып, алдымен оларды таныстырды. Әнуар Берікұлы мен аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысы Ерлан Нүркенов облысымыз бен ауданымыздағы кәсіпкерліктің қазіргі даму барысынан мәліметтер берді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Мақсат Құланбаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚФ-ның бас несие менеджері Талап Бисембаев, «Даму» қорының бас менеджері Ренат Құсманов, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жетекші менеджері Нұрбол Алтаев, «КазАгроФинанс» АҚ БҚФ-ның жетекші маманы Қуаныш Ешімов, «Саят» этно-туристік орталығының директоры Айболат Құрымбаевтар кәсіпкерліктің түрлері, істі қалай бастау, кімдерден кеңес сұрау, бизнес-жоспар құру, несие алу – бәрі-бәрі туралы баяндап, қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Семинар-кеңесті аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев қорытындылады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.