9.06.2016, 12:00
Қараулар: 102
Көрсеткіш көңіл көншітпеді

Көрсеткіш көңіл көншітпеді

д-113Ауданымыз бойынша биыл мектеп бітірген 165 түлектің 124-і (75,15 пайызы) ҰБТ тапсырып, 73,61 балл жинады. Ерекше аттестаттан үміткер бегалиевалық Шұғыла Рабқатова ғана үмітті ақтап, 114 балмен көш бастаса, сағырбаевтық Наргиза Ерес 112, мәметовалық Камилла Жұмаева 110, сағырбаевтық Айнара Мейірбек 108, бегалиевалық Тілек Рамазан мен сағырбаевтық Мақсат Қажиден 106, бабажановтық Әдемі Жексенбаева 105, жексенбаевтық Оксана Амангелдиева 101 балл жинады. Ал, 8 түлектің көрсеткіші шекті деңгейден төмен болса, 5-еуі «2» деген баға алды. Олардың екеуі Жәңгір хан атындағы орта мектептен. Бұл екеуі және М-C.Бабажанов пен Б.Жәнекешев атындағы орта мектептен бір-бір шәкірт математикадан, ал, бегалиевалық шәкірт таңдау пәні – физикадан сүрінді.

Алтын белгіден үміткер қос түлектің де жолы болмады.

Нұрсұлу СӘЛІМОВА,

аудандық білім беру бөлімінің бас маманы.