9.06.2016, 11:37
Қараулар: 84
Рамазан – рахым айы

Рамазан – рахым айы

г-367 эмблемаҰлық мерекеміз – қасиетті Рамазан айы басталды. Бұл айдың қадір-қасиеті мен ерекшелігін имандылық жолына бет бұрғандар ғана терең түсінсе керек. Ораза қабыл болсын, ұстаған жан.

Шыны керек, Ұялы ауылында бір үйден екі бірдей кісі ораза тұтады деген хабарды құлағымыз шалғанда еріксіз елең еттік. Олар – ауыл имамы Ерболат Имашев пен қызы Алмагүл.

Әрине, құбылаға бет түзеп, бес уақыт намазын оқып, сәждеге жығылатын, аузында иманы бар имамның ораза ұстауы онша таңырқарлық нәрсе емес. Дінге бет бұрып, намазын қаза қылмай жүрген Ерболаттың ораза ұстағанына алты жыл болса, қызының ауыз бекіткеніне биыл үшінші жыл көрінеді.

−Рамазан айы – Алла Тағаланың пендесіне берген үлкен сыйы. Мына қызықты қараңыз,-дейді Ерболат,– бүгінде ораза ұстайтындардың қатарында үлкендерге қарағанда жастардың қарасы көп. Қызыма да ризамын. Оразаның денсаулыққа пайдасы зор. Әрі ол өтпелі қиындыққа сабырмен қарауды үйретеді, жандүниеңді жаңартады, бойыңа имандылықты ұялатады.

А.ХАМЗИН.