9.06.2016, 11:24
Қараулар: 85
Мемлекеттіліктің атрибуты

Мемлекеттіліктің атрибуты

д-188-эмблемаМемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің шынайы көрінісі. Кез келген өркениетті елдің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы сынды мемлекеттік тіл де – мемлекеттіліктің негізгі атрибуттарының бірі. Ата Заңымызда: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп жазылған.

 

Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы, ұлт пен ұлтты жақындастырады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екенін атап көрсетіп: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»,-деді. Қазір біз осыған жаппай бағыт алудамыз. Аудандық әділет басқармасында биылғы кіріс пен шығыс құжат айналымы 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізілді. Басқарма бойынша барлық іс-шаралар қазақ тілінде өтуде.

Отанымыз – Қазақстан! Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтар қазақша сөйлеуге тиіс. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, алдымен өзіміз ана тілімізді ойдағыдай меңгеріп, оның өріс алуына, шынайы мемлекеттік тілге айналуына үлес қосайық.

Октябрина МОЛДАҒАЛИЕВА,

аудандық әділет

басқармасының бас маманы.