2.06.2016, 12:42
Қараулар: 329
Жаңа офис ашылды

Жаңа офис ашылды

«Фаберлик» компаниясының сауда нүктелері еліміздің барлық қалаларында бар. Әрі оның тауарлары тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Осы аталмыш компанияның офисі жуырда аудан орталығы – Сайқында да салтанатты түрде ашылып, оның директоры Жанна Бисенова бірнеше жылдан бері бұл бизнеспен тұрақты айналысып келе жатқан анасы Балжанай Мұқанғалиевамен бірге жерлестерімізге компания мен өнімдері жайында кеңінен мағлұмат берді. Әр салада жүріп-ақ «Фаберлик» өнімдерін сатып, түсінік жұмыстарын жүргізу арқылы компанияға кірушілер қатарын көбейтіп жүрген жекелеген сайқындықтар да алдымен өздерін таныстырып, кейіннен компанияның косметикалық бұйымдары, тұрмыстық тауарлары, киімдері және тағамдарының құрамы мен сапасы жайынан хабардар болды. Сонымен қоса, үнемдей отырып, қосымша табысқа қол жеткізу, еш салымсыз жеке кәсібін бастау сынды бұл бизнестің тиімді тұстары да егжей-тегжейлі айтылды.

Шара соңында жиналған қонақтар арнайы жайылған дастарханнан дәм ауыз тиіп, ауылымыздан фирмалық өнімдердің офисін ашып, тұрғылықты халыққа басы артық жүріссіз сапалы тауарға қол жетімді жағдай туғызған сауда нүктесі иелеріне алғыс айтса, олар өз кезегінде барлық қатысушыларға шағын сый-сияпаттарын үлестірді.

Г.БАДЕЛОВА.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар