19.05.2016, 10:01
Қараулар: 58
«Жырын оқы Дулаттың»

«Жырын оқы Дулаттың»

г-330Жыл сайынғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясына биыл ел тарихының бір кезеңін жырлап өткен ақын Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабы таңдалды. Осыған сай аудандық балалар кітапханасында «Жырын оқы Дулаттың»  тақырыбында  кітап көрмесі жасақталып, М-С.Бабажанов атындағы орта мектептің 6 «а» және «б» сынып оқушыларының қатысымен «Азаттық жырының ақтаңгері» атты танымдық ойын өткізілді.

Айта кету керек, жасөспірімдер арасында өткен «Жырын оқы Дулаттың» атты  аудандық жас иллюстраторлар байқауында М-С.Бабажанов, М.Мәметова, М.Бегалиева,  Қ.Сағырбаев,  А.Құсайынов атындағы орта мектеп пен мектептен тыс тәрбие орталығының иллюстрациялық жұмыстары тапсырылды. Қазылар алқасының шешімімен Арынғазы Елтаев (М.Бегалиева) І, Бағдат Өтебаев (мектептен тыс тәрбие орталығы), Милана Ержанова (М-С.Бабажанов) ІІ, Бекарыс Ерес (Қ.Сағырбаев) ІІІ орындарды еншілеп, Диплом және шағын сыйлықтармен марапатталды. Байқауға белсене қатысқан Милана Шапазгереева,  Алина Нұрқатова, Азиза Бирахметова, Гүлнұр Исатай, Жалғас Нұралиев,  Бекасыл Меңдібай, Жеңіс Шәріп алғыс хаттарға ие болды. Үздік жұмыстар Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына жолданады.

Осылайша, Дулаттың «Өсиетнамасын» жан-жақты насихаттауды мақсат етіп қойған ұжымымыз бұл бағыттағы жұмысын әрі қарай жалғастырмақ.

 

А.БАТЫРХАНОВА,

аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі.