19.05.2016, 9:40
Қараулар: 32
Техникалық байқау өтеді

Техникалық байқау өтеді

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №4-3/421 бұйрығына сәйкес, «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша жыл сайын мемлекеттік техникалық байқау жүргізіледі.

Аудан бойынша шаруа қожалықтары, жеке және заңды тұлғалардың иелігінде әр түрлі маркалы 683 трактор және 400-ден астам трактор тіркемелері бар. Мемлекеттік техникалық байқау шаруа қожалықтары, ұйымдар мен мекемелер үшін олардың ведомстволық бағынушылығына қарамастан міндетті болып табылады. Мақсат – ауыл шаруашылығы техникаларының жай-күйін бағалау, олардың санын, кімге тиесілілігін, басқа да тіркеу деректерін нақтылау, техниканы пайдалану, қауіпсіздік техникасы қағидалары мен қоршаған ортаға экологиялық әсерін анықтау. Ол маусымдық дала жұмыстары басталар алдында және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі белгіленген мерзімде жүргізіледі.

Заңды тұлғалар машинаны мемлекеттік техникалық байқауға:

  1. Маркасы мен моделін, шыққан жылын, машинаның, двигательдің зауыттық нөмірін, сериясын, мемлекеттік нөмірлік белгісін көрсетіп, баланста тұрған машиналардың тізімін;
  2. Машинаның тіркеу құжаттарын;
  3. Заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған машинаның мемлекеттік техникалық байқау актісін (2 дана);

Жеке тұлғалар:

  1. Азаматтың жеке басын куәләндыратын құжатын;
  2. Машинаның тіркеу (техникалық паспорт) құжаттарын ұсынады.

 

Байқау жүргізудің кестесі

Ауылдық округтер атауы Байқау жүргізу күндері Техникалық тексерудің өткізілетін орны (елді мекен)
1 Т.Масин 17.05.2016ж Бөрлі ауылы
2 Саралжын 18.05.2016ж Саралжын ауылы
3 Ұялы 19.05.2016ж Ұялы ауылы
4 Бисен 24.05.2016ж Бисен ауылы
5 Орда 25.05.2016ж Хан Ордасы ауылы
6 Мұратсай 27.05.2016ж Мұратсай ауылы
7 Сайқын 30.05.2016ж Сайқын ауылы

Жеке және заңды тұлғалар өздерінің иелігіндегі машиналардың техникалық жәй-күйін байқаудан өткізу үшін бекітілген кестеге сәйкес белгіленген жерге әкелуі қажет. Мемлекеттік техникалық байқауға белгіленген мерзімде әкелінбеген, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін не жол қозғалысының қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға қауіп төндіретін ақаулы машиналарды пайдалануға тыйым салынады.

Талғат ӘБДІРЕШЕВ,

аудандық ауыл шаруашылығы

бөлімінің бас маман инженер-инспекторы.