29.04.2016, 18:12
Қараулар: 246
Тапсырмалар ойдағыдай орындалды

Тапсырмалар ойдағыдай орындалды

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жұмыс жоспарына сай жақында Ұялы мен Жаңақала ауданының Жаңақазан ауылдық округ әкімшіліктері  жанындағы ерікті өртке қарсы құрамаларының (ЕӨҚҚ) қатысуымен екі округ шекарасында «2016 жылғы жазғы далалық жанулар мен өрттерді сөндіру» тақырыбында тактикалық жаттығу өткізілді.

Ауыл әкімі Бақытжан Оразғұлов бастаған ұялылық ерікті өртсөндірушілер (аспалы өрт сөндіргіштер, сапалақтар және 1 су сорғыш мотопомпасымен жабдықталған 10 адам,  2 «МТЗ», 2 УАЗ техникасы) жаттығу барысында қосымша тапсырмаларды да ойдағыдай орындап, көзге түсті.

Екі командаға да дала жанулары мен өрттерді сөндіруге дайын деген баға берілді.

Т.АПАҚАЕВ,

аудандық ТЖБ бастығы,

азаматтық қорғау капитаны.