21.04.2016, 11:17
Қараулар: 11
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

р-373Аудан әкімінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі №37-ө өкімімен Абдоллина Раушан Шайдөкқызы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысы қызметіне тағайындалды.

 

Р.Ш.Абдоллина 1968 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы аудандық қаржы бөлімінде бас бухгалтердің көмекшісі болып бастап, осы бөлімде бас экономист, бас маман-тексеруші, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Қиын да құрметті қызметіңе тек сәттілік тілейміз.